Жаңалықтар

Шалғын көбелектің кеселі

Шалғын көбелек (Loxostege sticticalis L.) — қанқөбелек тұқымдасына жататын зиянкес. Көбелектің бұл түрі бір қарағанда нәзік, зиянсыз сияқты. Алайда ол бақша дақылдарының алуан түріне орасан зор зиян келтіреді.

Шалғын көбелектің жұмыртқасынан шығатын құрттар ең қауіпті зиянкес болып саналады.  Мұндай жәндіктер шалғындарда, қараусыз қалған жерлерде және шөп басқан жол жиектерінде көбірек шоғырланады. Аз уақытта зиянкестер үлкен аумаққа зиянын тигізе алады. Көкөніс өсірушілер көп жағдайда бұл зиянкестерге қарсы күресуге дайын болмай жатады.

Әр өсімдікте 5-6 көбелектің құрты болады, олар егіннің 50 пайызына зиянын тигізуі мүмкін. Тіпті бұл қанатты жәндіктің ұрықтары бір күнде барлық екпені толығымен жоя алады. Құрт жеген өсімдіктің астына газет немесе ақ қағаз төсеп, аздап шайқасаңыз, құрттарды оңай анықтауға болады.

Зиянкес өрмекке түседі. Аналықтары жұмыртқаларын жапырақтардың астыңғы жағына салады. Аналығы 600-ге дейін жұмыртқа сала алады. Эмбрионның даму уақыты — 3-10 күн. Ең қауіптісі — зиянкестің бірінші ұрпағы, өйткені құрттар негізгі ауылшаруашылық дақылдары дамуының бастапқы кезеңінде және зақымдануға өте сезімтал болған кезде пайда болады.

«Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитарлық бақылау объектілеріне жататын жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитарлық мониторинг жүргізуге міндетті.

 Рахметулла СЕЙТОВ,

Ақтөбе қалалық  аумақтық инспекциясы

өсімдіктерді  қорғау және карантин жөніндегі бас маман.             

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button